جزییات کتاب
Монографияда қазақ шешендік сөздері жаңаша көзқарас тұрғысынан ауызша әдебиет үлгісі сипатында қарастырылады. Шешендік сөздердің көркемдік жүйесін құрайтын баяндау және бейнелеу телімдерінің көркемдік қызметі нақты талдаулар негізінде байыпталады. Шешендік дискурсқа тән ерекшеліктер шешендік сөздер құрылымын теориялық тұрғыдан саралау және ауызша әдебиеттің басқа да үлгілерімен салыстыра талдау арқылы айқындалады. Шешендік сөздердің жанрлық табиғаты оның көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерімен тұтастықта танылады. Ашық монолог, шешендік диалог, портрет құрылымдарындағы бейнелеу құралдарының көркемдік сипаты ашылады. Автор шешендік дискурстың көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері жөнінде түбегейлі ой түйеді.
Зерттеу еңбегі жоғары оқу орындарының «5B020500-Филология», «6M021400-Әдебиеттану» мамандықтарына және көпшілік оқырманға арналған.